Павлодарлық кәсіпкер қызметкерін атып өлтірді

cover

Павлодарда танымал кәсіпкер жалақысының қалған 20 мыңын алуға келген қызметкерін атып тастаған.

Бұл туралы Orda.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Белгілі болғандай, кәсіпкердің 27 жастағы Андрей Шиллерді атып өлтірген сәті видеоға түсіп қалған.

Қайғылы оқиға облыс орталығының индустриялды аймағында орын алған.  Кәсіпорынның қожайыны ғимаратты жалға берушіні шақырып, өзінің бұрынғы қызметкерімен мәселені шешпекші болған. 55 жастағы ер адам өзімен бірге мылтығын ала келген. Алдымен олар Шиллерді сабап, артынша оны атып өлтірген. Өлерінің алдында жігіт оны босатуын сұрап, жалынған.

Күдікті 15-20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

– Алқабилердің біржақты үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айрылды, - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева

Марқұмның туыстары үкіммен келісті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар