Павлодарда тұрғанына 100 жыл таяған Ленин мүсіні құлады

cover Фото: Константин Шелков

Павлодарда қатты жел ағашты құлатып, ағаш Ленин ескерткішінің үстіне түсіп, ол ортасынан қақ бөлінді, деп хабарлайды Orda.kz.

Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл жағдай 8 қарашаға қараған түні болған.

«Дауыл салдарынан Ленин ескерткішіне ағаш құлады. Тұғырынан құлаған мүсін бөлініп қалды, қалпына келтіруге келмейді», - деп ақталды Павлодар әкімдігінің өкілі.

Павлодардағы Ленинге арналған бұл ескерткіш 1928 жылы шілдеде тұрғызылған.

«Ескерткіштің тұрғанына 100 жыл тақап қалған еді. Оның қасында 67 жыл өскен ағаш  отырғызылған төрт шыршадан аман қалған жалғыз шырша болатын. Қазіргі уақытта құлаған ағашты кесу және тазалау жұмыстары аяқталды. Келесі аптада тұғыр бөлшектенеді. 1928 жылғы Араб әрпімен жазылған бірегей жазуы бар тақта сақталады. Алдағы уақытта жұртшылықпен жан-жақты талқыланып, бұл жерде не орнату туралы шешім қабылданады», - деді қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар