Павлодарда химиялық тәжірибе жасаған оқушыларды күйік шалды

cover Фото: Envato

Павлодар қаласындағы №37 мектептің футбол алаңында ойнап жүрген жеті оқушыны химиялық күйік шалды, деп хабарлайды Orda.kz.

6-сыныпта оқитын балалар тұрмыстық «Крот» атты тазалағыш сұйықтығын, газды сусын мен фольганы араластырып, өздерінше тәжірибе жасаған. Содан балалардың қолы, беті және көзі күйіп қалған.

Оқиға жайлы ақпарат 12:49-да жедел жәрдем қызметіне түскен. Дереу оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы жіберіліп, зардап шеккен жеті бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ауыр жарақат алғандар жоқ. Қазір оқиғаға байланысты тиісті органдар тексеріс жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар