Павлодарда апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышы жан сақтау бөлімінде

cover Фото: Pexels

Павлодар облысында ұшақ апатынан аман қалған екінші ұшқыш жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Павлодар облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағындағы тірі қалған ұшқыштың жағдайы белгілі болды. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1998 жылы туған азамат Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жеткізілген.

«Науқасқа политравма диагнозы қойылды. Қажетті ем толық көлемде көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр», — деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, Железника ауылы маңында ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындау кезінде апатқа ұшырады.  Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі электр беру желілеріне соғылған. Бортта екі экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапты.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында ұшақ апатынан бір ұшқыш мерт болды

Тексеріс болады: Блогер Сәуле Базархан қайтыс болған клиникада 2020 жылы тағы бір жас әйел өмірімен қоштасқан

Бейімбет Майлин ескерткішінің мойнына мініп алған қыз жазаланды

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар