Партиясынан адасып ҚХП-да жүрген нұротандықтар

cover

Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімінің жариялануы қоғамды дүрліктірді. Себептердің бірі - кей партияның мүшелері өздерін басқа бір партияның тізімінде жүргенін көрді. ҚХП-ның тізіміне тізілген Нұротан партиясының 3 мүшесі осы туралы хабарлаған болатын.

  

Естеріңізге сала кетсек, ҚХП-ның кезекті съезінде (бұрынғы ҚХКП – ОРДА.-ның ескертпесі) партиядан мәжіліске үміткер  кандидаттардың тізімін жариялаған болатын. Бұл тізімге ҚХКП-нан сайланған қазіргі мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбековтың айтуынша партия жұмысында өздерін көрсете алған, халықтың мұң-мұқтажымен таныс және оны шешудің жолдарын білетін   белсенділер енгізілген болатын.

Тараздық тұрғын Бейбіт Бекназаров (тізімде ол 77-ші), өзінің  Facebook-тегі парақшасында ол басқа партияның мүшесі екендігін жариялады. 2020 жылдың тамызында Nur Otan партиясына өткенін хабарлаған ол көп ұзамай өз постын өшіріп тастады.

Цирк, да и только! Как в партийный список НПК попали Nur Otan’овцы

104 нөмірлі үміткер Римма Өтесбаева да Facebookте Маңқыстау облыстық мәслихатына Nur Otan партиясынан ұсынылғанына қарамастан ҚХП тізімінде тұрғанын жазды. Ол да өз постын кейін өшіріп тастады.

Ерлан Жетпісов (тізімде 110), 2014 жылдан бері Nur Otan мүшесі екенін және мұны мақтан тұтатынын хабарлай келе ҚХП-мен көзқарасы түйіспейтінін айтқан.

«Биыл праймеризге қатыстым. Партиялық әріптестерімнің қолдауымен Ертіс аудандық мәслихатының депутаттығына  үміткермін. ҚХП-нан мені жарияланған кандидаттар тізімінен дереу алып тастауларыңызды өтінемін және алдағы уақытта менің келісімімсіз мен туралы ақпараттарды пайдаланбауларыңызды сұраймын».

Осы мәселеге байланысты әлеуметтік желілерде пікір білдіруші «егер сайлауға дайындық барысында мынадай қателіктерге жол берілсе, ары қарай не болмақ?» деген заңды сұрақ қойып жатыр.

ОРДА. Қазақстан халықтық партиясының саяси кеңесшісі Әсель Мирмановаға осы мәселе бойынша хабарласқанда, ол барлық сұрақтарды партияның баспасөз қызметіне жолдауды сілтеді, бірақ біз олардан жауап ала алмадық.

Nur Otan партиясы баспасөз қызметінің басшысы Тимур Базарбаев партия мүшелерінің ҚХП тізімінде жүргенін жаңалықтардан естігенін айтты. Партия бұдан хабардар. Бұл мәселе біздің бақылауымызда, бірақ ҚХП тиісті шаралар қолдануы керек – деді.

Саясаткер Досым Сатпаев бұл туралы

Цирк, да и только! Как в партийный список НПК попали Nur Otan’овцы

«1995 жылдан кейін құрылған партиялардың барлығы белгілі бір электоратқа бекітілген жасанды партиялар екенін біз түсінуіміз керек. Фермерлер партиясы, интеллигенттер партиясы дегендер болды. Қазіргі заманғы партиялардың мүшелері 40 мыңнан асады. Осыдан мынадай сұрақ туындайды: бұл адамдар кімдер, олар қазір  қайда? Оған жауап жоқ. Сондықтан ойға неше түрлі күдік ұялайды. Мүмкін бұлар «өлі жандар» болар немесе әдеттегідей партияға топтап кіргізетін бюджеттік қызметкерлер болуы әбден мүмкін».

Осыған байланысты Сатпаевтың тұжырымдауынша бұл мәселе кереметтей даурығатын сенсациялық жайт емес. Біздегі барлық партия мүшелері әркім өз партиясына бөлшектеп бөліп алатын торт сияқты, мысалы Nur Otanға көбірек, қалғандарына азырақ дегендей.

«Міне, осы себептен де бір партияның адамдары екінші бір партияның тізімінде жүреді. Бұл - партиялардың саяси жасандылығынан. Бізде әр партияның жасанды өз сайлаушылары болуы және партиялық тізімдердің жасанды жасалуы да біздің  жүйенің кемшін кейпін байқатады».

Бұл цирк! Партия – ешнәрсеге жауап бермейтін жоғарының  нұсқауымен құрылған бірлік. Олардың бетпердесін немесе бағытын өзгертуі де жоғарының нұсқауымен жүреді. Президент сайлауынан кейін парламент сайлауында сол ескі ойыншылар жүреді деген қатты сын болған еді. Ал еститін мемлекет дегені қайда? Ескі үйренген сүрлеумен жүрген жеңілдеу болғандықтан жаңа партияларды  құрғаннан гөрі ескіге жаңа ат қойып ойнаған жақсы. Бұл сондықтан биліктің сайлау алдындағы саяси технологиялық ойынының бір бөлігі ғана».

Досым Сатпаев атап өткендей, бұл тізім президент әкімшілігінде жасалған болуы мүмкін. Сол техникалық қателердің себебінен  партия мүшелерінің тізіміндегі адамдар бір бірімен араласып кеткен. Бұл негізінен адамдардың жіберген сандырақ, абсурдты қателері деуге болады...

Аударған Баян Танатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар