Париждегі Паралимпиада ойындары: Қазақстандықтар 7 қыркүйекте спорттың үш түрінен өнер көрсетеді
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының оныншы күні тоғыз қазақстандық спортшы үш спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сенбі, 7 қыркүйекте қазақстандықтар дзюдо, каноэ және пауэрлифтингтен сынға түседі.
Парадзюдо – 12:30
Татамиге Ғалымжан Смағұлұлы (90 келіге дейін), Ерлан Өтепов (90 келіден жоғары), Бауыржан Арыстанбеков (90 келіге дейін), Зарина Райфова (70 келіден жоғары), Жұрқамырза Шұқырбеков (90 келіден жоғары) шығады.
Паралимпиадалық каноэ – 13:14
Бибарыс Сыпатай мен Жаңыл Балтабаева өнер көрсетеді. 200 метр, жартылай финал.
Паралимпиадалық пауэрлифтинг – 15.00
Раушан Қойшыбаева (73 келіге дейін) пен Хамаев Рахметжан (88 келіге дейін) финалға шығады. 6 қыркүйекте Қазақстан дзюдодан екі медальмен толықты.
73 келіге дейінгі салмақта Ерғали Шәмей вице-чемпион атанды. Ол финалдық белдесуде румын балуаны Флорин-Александру Болохемен кездесіп, қарсыласынан ұтылды.
Қола жүлде үшін белдесуде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен дзюдошы Даяна Федосова түрік спортшысы Денду Йесилиуртты жеңіп, Қазақстанға қола жүлде сыйлады.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды