Өзбекстан газ өндіруді арттыруды көздеп отыр
Фото: Elements.envato.com
Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев ірі шетелдік компаниялар мен сарапшыларды тарта отырып, 2025 жылы жаңа кен орындарын игеру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өзбекмұнайгаз» компаниясының төрағасы еліміздегі газ өндірудің қазіргі жай-күйі мен ұлғайту шараларына арналған жиында алдағы жылдың негізгі міндеттеріне тоқталды.
Саланың басты мәселесі – геологиялық барлау жұмыстарына жылдар бойына жеткіліксіз көңіл бөлінуде. Соның салдарынан бүгінде кейбір кен орындарының қорлары таусылды десе де болады, ал басқаларының тиімділігі төмен күйінде қалып отыр.
Қазір шетелдік компаниялардың қатысуымен бірқатар жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, жаңадан бұрғылау және қолданыстағы пайдалану ұңғымаларын жөндеу жоспарлануда.
Билік келешегі бар 15 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын бастауды көздеп отыр. Сейсмикалық барлау алаңы 6,5 мың шаршы шақырымға дейін ұлғайтылады.
«Өзбекмұнайгазды трансформациялау жалғасады, негізгі міндеттердің бірі шығындарды азайту және халықаралық несие рейтингін жақсарту. 2025 жылы өндірістік жобалар мен геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру үшін халықаралық көздерден қаражат тарту жоспарлануда» делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан мен Қытай газ экспортын арттыру туралы келіссөздер жүргізген болатын.
Жаңалықтар
- Санитарлық дәрігердің қаулысы: Астанада тұмау белгілері бар балалар мен ұстаздар сабаққа жіберілмейді
- Ақтаудағы аялдамалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
- Алдағы аптада Алматыда минус 21 градус суық болады
- АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
- Берік Уәли онлайн ойынның кейіпкері болады
- Орталық Азияға астық экспорты: Өзбекстанның қамбасы лық толды, Қазақстан жаңа шешім іздеуде
- Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жол қозғалысы шектелді
- Гоада клубтан шыққан өрт 25 адамның өмірін жалмады
- Зеленский Уиткоффпен және Кушнермен Ресейдің жаңа шабуылының қаупі туралы телефон арқылы сөйлесті
- Қазақтың жас таеквондашысы Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанды
- Түркістанда жұдырығы жуан шенеунік қызметінен айырылды
- Алматыда түнде болған алапат өрт сөндірілді
- Батырхан Төлеуғали жастар арасында таеквондодан әлем чемпионы атанды
- Жолдарда полиция бірнеше есе көбейді
- Лисаковскідегі бала зорлағыш өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
- Жағармай үшін өмірін жақты: Әскери бөлім қоймасының меңгерушісі тоғыз жылға сотталды
- Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекетінде әскери қызметші мен баласы қаза тапты
- ТЖМ еліміздің оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін нысандар мен ғимараттарды тексерді
- Бас прокуратура алаяқтардың жаңа «әдісі» туралы ескертті
- Алматы кәуапханаларында экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды