Өзбекстан циркте жануарларды пайдалануға тыйым салды

cover Фото: envato

Өзбекстан үкіметі ел азаматтарына ұстауға тыйым салынатын жабайы жануарлар жаңа тізімін жасады, деп хабарлайды Orda.kz.

5 қарашада қабылданған Жарлыққа сәйкес жабайы табиғатты цирктерде және басқа да осындай қойылымдарда пайдалануға тыйым салынады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жабайы жануарларды мемлекеттік немесе жылжымалы цирктерде ұстауға, сондай-ақ оларды цирк қойылымдарында пайдалануға тыйым салынады.

Жаңа заңнамаға сәйкес, мұндай жануарлар тек хайуанаттар бағында, террариумдарда, аквариумдарда, тәлімбақтарда және заңды тұлғалар ұйымдастырған мекемелерде болуы мүмкін. Сонымен қатар, Қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және экология министрлігінің тиісті рұқсаты болуы қажет.

Жаңа тізімге енгізілген жабайы жануарларды заңды тұлғалардың ұстау тәртібі бекітілді. Ұстауға болмайтын жануарлар қатарына улы түрлер, жыртқыштар, сондай-ақ адам өміріне қауіп төндіретіндер жатады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар