Оралда әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалды 

cover

Оралда әйел адам сауда орталығында жарақат алды. Оның аяғы эскалаторда қысылып қалған, деп хабарлайды Мой город.

Оқиға 25 желтоқсанда сауда орталығында болды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сағат 10:03-те шақырту түсті.

- 1982 жылы туған, оң жақ жіліншігінің үштен бір бөлігі жараланып зардап шеккен әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оның аяғы эскалаторда қысылып қалған, – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полицияда ақпаратты растады.

- Анықталған ақпарат бойынша, оқиға науқастың абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта полицейлер не болғанын тексеруде, – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сауда орталығының әкімшілігі бұл туралы пікір білдірмеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар