«Nissan» компаниясы 9 мың жұмысшысын қысқартады

cover Фото: freepik.com

Жапонияның үшінші ірі автоконцерні – «Nissan» 9 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарын жариялады. Автокөлік өнеркәсібінде шамамен 6 миллион адам жұмыс істейді,  деп хабарлайды Orda.kz. 

Компания әлем бойынша 9 мың қызметкерін қысқартады. Бұл жалпы штаттың шамамен 7 пайызы. Автоконцерн басшылығы мұндай шешімді Қытай мен АҚШ-та өнімге деген сұраныстың төмендеуіне байланысты қабылдады. 

Сонымен қатар компания өндірістік қуатын 20%-ға азайтуды және Mitsubishi Motors компаниясындағы үлесінің бір бөлігін сатуды жоспарлап отыр. Компанияның бас директоры Макото Учида дағдарысқа байланысты осы айдан бастап өзінің жалақысын 50%-ға азайтатынын мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар