Назарбаев өзінің отставкасы туралы бірінші Путинге айтқан

cover

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің отставкаға кететіні туралы алғаш рет Ресей президенті Путинге хабарлағанын айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Назарбаев «Штрихи к портрету. Откровение» деректі фильмінің жаңа бөлімінде осы туралы сұраққа жауап берді.

― Бұл туралы айтуды қашан қоямыз? Мұндай ақпаратты таратуға болмайды. Мен ешкімге айтпадым. Тек сол күні таңертең, үлкен көршім – Путинге қоңырау шалдым. Ол үшін бұл хабар соққы болды. Мен оған «Бүгін кешке жариялайтын боламын. Өз аузымнан естігенін дұрыс болар. Солай шештім!» дедім. Бұл туралы мемлекет басшыларының ешқайсысы білген жоқ, – деді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті отставкаға кету туралы шешімді 2015 жылы қабылдағанын еске алды.

― 75 жыл өтті. Мен өзіме жеткілікті деп шештім. Әрі қарай болмайды. Қазақстан халқы ассамблеясы менің өкілеттілігімді сайлаусыз ұзарту үшін бүкіл Қазақстан бойынша қол жинады. Менің қарсылықтарыма қарамастан, бүкіл ел бойынша бес миллион қол жиналды. Бұл электораттың 65%-ы, яғни мен қазірдің өзінде сайлауды жеңдім деп айтуға болады. Содан кейін, мерзімінен бұрын сайлау жариялап, адамдар өз пікірлерін білдірсін деп айтуға тура келді.

1991 жылғы алғашқы жалпыхалықтық сайлау – 98,8%. 2015 жылы – 97,8%. Кейін 80%-дан аз болып, халықтың маған сенімі төмендемеді. 2015 жылы адамдар өз дауыстарын беру үшін кезекте тұрды. Көзіме жас келді. Мен адамдардың осындай көзқарасына ие болғаныма қуаныштымын, ― деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстанның экс-президенті 2011 жылы омыртқасына ота жасатқанын сөз арасында тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті. Ол елді 1991 жылдан 2019 жылға дейін басқарды. 2019 жылдың наурыз айында отставкаға кететінін жариялады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар