Нұр-Сұлтан әуежайында 20-дан астам рейс кейінге шегерілді

cover

Нұр-Сұлтан әуежайында ауа райының қолайсыздығынан 20-дан астам рейс кейінге шегерілді.

– Түнгі сағат 02:30-дан бастап жауған қалың қарға байланысты елорда әуежайы ұшу-қону жолағын қардан тазалау үшін уақытша жабылды. 12 рейс ұшуға, 9 рейс ұшып келуге тиіс болған, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды. Нұр-Сұлтан әуежайының ұшу-қону жолағы сағат 09.00-де ашылды. Жолаушылардан авиакомпаниялардың ақпараттық қызметтеріне хабарласуды сұраймыз, - делінген елорда әуежайының хабарламасында.

Кешіккен рейстер:

KC956 Алматы;

FZ 1706 Дубай;

KS 921 Франкфурт;

KS 407 Шымкент;

DV 741 Ақтау;

COP 207 Дубай;

CS 981 Атырау;

KS 622 Алматы;

KS 7315 Қызылорда;

СУ 1957 Мәскеу;

KS 123 Ташкент;

COP 977 Ақтөбе қ.

Кешігіп ұшып келген рейстер:

IQ 386 Қарағанды;

DV 722 Ақтөбе;

CS 984 Атырау;

KS 7328 Шымкент;

CS 314 Ақтау;

KS 138 Санкт-Петербург;

FZ 1705 Дубай;

СУ 1956 Мәскеу;

COP 918 Алматы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар