«Мектеп дәретханасындағы оқушы өлімі»: Директор мен оқу меңгерушісі қызметке оралмақ
Фото: Envato
Құмжота ауылының Ыбырай Алтынсарин атындағы мектебінің бұрынғы директоры мен оқу ісінің меңгерушісі қызметке оралғысы келеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Дәл бір жыл бұрын Байзақ ауданының Құмжота ауылында жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларын соққыға жығып, бір оқушы қаза тапқан еді. Полиция қылмыстық іс қозғап, бірінші сатыдағы сот шешімі шықты. Қаза тапқан баланың туысы біздің тілшімізге берген сұхбатында төбелес даладағы дәретханада 9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен болғанын айтты.
Төбелес кезінде 8-сынып оқушысы бірнеше рет кеудесіне соққы алып, есінен танып, оқиға орнында көз жұмған.
Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің директоры Қанатбек Бәйтен мен оқу ісінің меңгерушісі Шоқан Айнақұлов Байзақ аудандық сотына жұмысына қайта орналасу, бұйрықты жою және жалақысын өндіру туралы талап арыз түсірді.
13 қаңтар күні Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық және қасақана ауыр дене жарақатын келтіру (ҚР ҚК 293-бап 2-бөлім 1-тармақ; 106-бап 3-бөлім; 28-бап 4-бөлім; 106-бап 3-бөлім; 293-бап 2-бөлім) бойынша айыпталған үш оқушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылды. Екі жасөспірімге алты жыл сегіз ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, үшіншісіне бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.
Біз Жамбыл облысының прокуратурасына ауыл мектебінің директорына қандай жаза қолданылғаны туралы сауал жолдадық. Қадағалау органы «Қылмысты жасыру» (ҚР ҚК 432-бап) бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.
«Бұл қылмыстық іс бойынша қазіргі уақытта Байзақ аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», — деді Байзақ ауданының прокуроры Ақберген Мұлқыманов.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды