Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп» басшысы қызметінен кетеді

cover

Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басшысы қызметінен 4 шілдеде кетеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Әлемдегі ең ірі уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов 2022 жылғы 4 шілдеден бастап Директорлар кеңесінің мүшесі, компанияның Басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен кететінін мәлімдеді, делінген хабарламада.

Басқарма төрағасы міндетін қазіргі уақытта «Қазатомөнеркәсіптің» өндіріс жөніндегі бас директоры қызметін атқаратын Ержан Мұқановқа жүктелген. Ол директорлар кеңесі Басқарма төрағасы лауазымына кандидатураны іріктеу кезеңінде компанияны басқарған.

Компанияның бұрынғы басшысы Ғалымжан Пірматов 2021 жылдың қыркүйегінде қызметінен өз еркімен кетті. 2022 жылдың ақпан айында Пірматов Ұлттық банктің басшысы болып тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар