Мұқтаж адам Әлия Назарбаевадан 15 миллион теңге сұрады

cover

Қазақстандықтардың бірі Әлия Назарбаеваның Instagram парақшасына мұқтаждыққа байланысты ақша сұрап жазған.

Өтініш авторы Елбасының қызынан үй алуға көмектесіңіз деп, қарызға 15 миллион теңге сұраған. Ол қарызды ай сайынғы жалақы есебінен   60-70 мың теңгеден  қайтарып отыратынын айтқан.

Қоғам қайраткері Әлия Нұрсұлтанқызы  Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтініш білдірген адамның жазбасын  жариялады. Елбасының қызы күн сайын көптеген адамдардың өзінен көмек сұрап, осындай өтініштер жолдайтынын  жазды.

«Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын. Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!

Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз. Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді! Кейде бас тарту - ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу! Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену!» – деп жауап қайтарды Әлия Назарбаева.

Енді бұл ақпарат  жаңалық ретінде барлық БАҚ  құралдарында жарық көруде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар