Қонаевтағы демалыс базасында 11 жасар баланы тоқ соғып, мерт қылды
Фото: freepik.com
Қонаев қаласындағы демалыс базасының аумағында 11 жасар баланы электр тоғы соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Оқиға туралы қайтыс болған баланың әпкесі хабарлады. Оның айтуынша, жағажайда сымдар ілулі тұрған. Бала өлімі тоқ соғу салдарынан болғанын дәлелдейтін қорытынды қағазы да шыққан екен.
Ал Қонаев әкімдігі электр желілері жеке меншікке тиесілі екенін хабарлады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қонаев полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 306-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады («қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда адам өліміне әкеп соққан қызметтер көрсету»). Жағдайды бақылауға алдық», деп хабарлады полиция.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Айта кетейік, мамырда Оралда көпқабатты үйдің ауласында тоқ соққан тоғыз жасар бала қайтыс болған еді.
Жаңалықтар
- Санитарлық дәрігердің қаулысы: Астанада тұмау белгілері бар балалар мен ұстаздар сабаққа жіберілмейді
- Ақтаудағы аялдамалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
- Алдағы аптада Алматыда минус 21 градус суық болады
- АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
- Берік Уәли онлайн ойынның кейіпкері болады
- Орталық Азияға астық экспорты: Өзбекстанның қамбасы лық толды, Қазақстан жаңа шешім іздеуде
- Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жол қозғалысы шектелді
- Гоада клубтан шыққан өрт 25 адамның өмірін жалмады
- Зеленский Уиткоффпен және Кушнермен Ресейдің жаңа шабуылының қаупі туралы телефон арқылы сөйлесті
- Қазақтың жас таеквондашысы Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанды
- Түркістанда жұдырығы жуан шенеунік қызметінен айырылды
- Алматыда түнде болған алапат өрт сөндірілді
- Батырхан Төлеуғали жастар арасында таеквондодан әлем чемпионы атанды
- Жолдарда полиция бірнеше есе көбейді
- Лисаковскідегі бала зорлағыш өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
- Жағармай үшін өмірін жақты: Әскери бөлім қоймасының меңгерушісі тоғыз жылға сотталды
- Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекетінде әскери қызметші мен баласы қаза тапты
- ТЖМ еліміздің оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін нысандар мен ғимараттарды тексерді
- Бас прокуратура алаяқтардың жаңа «әдісі» туралы ескертті
- Алматы кәуапханаларында экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды