«Керейдің зираты табылды»: Қорғалжын топырағына Жәнібек ханның сүйегі қайта жерленді
Фото: Бейнеден кадр
10 қыркүйек күні Ақмола облысы Қорғалжын ауданында Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның сүйегі қайта жерленді. Бұл тарихи оқиға қазақ тарихшылары мен археологтарына жаңа серпін берді. Қорғалжын ауданындағы тарихи мәні зор оқиға туралы Orda.kz тілшісі сұрап білді.
Аудан ақсақалдарының сұрауы бойынша аудан әкімі және депутаттар Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның сүйегін Қорғалжын жеріне әкеліп, қайта жерледі. Ақмола облысы баспасөз қызметі іс-шараны ұйымдастыруға Қорғалжын ауданының әкімдігі, Қорғалжын ауданының мәслихаты, сондай-ақ Ақмола облысы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы тікелей қатысқанын мәлімдеді.
Салтанатты рәсімде елге танымал тарихшылар мен ғалымдар, этнологтар мен археологтар бас қосқан. Қайта жерлеу рәсімі имамның қатысуымен мұсылмандық әдет бойынша өтіп, құрбандық шалыныпты. Рәсім барысында Жәнібек ханның рухына Құран бағышталды.
«Бұл – елдік пен рухани жаңғырудың жарқын көрінісі, ұлттық тарихымызды ұлықтау жолындағы маңызды қадам», — деп хабарлады әкімдік.
Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әли Маратұлы Жәнібек ханға тиесілі сүйектің табылу тарихына тоқталды.
Оның айтуынша, 2018 жылы Қорғалжын ауданы Жәнібек-Шалқар көлінің оңтүстігінен көк лазурьмен сырланған, хандық белгілері бар көне кірпіштер табылыпты. Ал 2020 жылғы қазба жұмыстары кезінде 6 адамның сүйегі мен Алтын Орда дәуіріне тиесілі алтын мен күмістер табылған. Кейін ауданда ғалымдар, археологтар мен зерттеушілердің қатысуымен кең көлемде конференция өтті. Сол іс-шарадан кейін сүйектер шетелдегі зертханалардың біріне жіберілді. Сүйектерге жасалған радиоулеродтық және ДНҚ анализдеріне сәйкес бір сүйек XV-ғасырдағы төре тұқымына жататыны 99,9 % ықтималдылықпен анықталды. ДНҚ сараптамасы төре сүйегін Жәнібек ханға тиесілі болуы мүмкін деп көрсеткен. Ал бір сүйектің сараптамасы қожа тұқымына тиесілі екені расталды.
Ал Қорғалжын ауданының әкімі Алмас Алин бұл тарихи жаңалықпен қатар тағы бір маңызды ақпараттың ұшын шығарды. Бірақ бұл жолғы сүйінші хабар Қазақ хандығының негізін қалаған екі тарихи тұлғаның бірі, қазақтың алғашқы ханы — Керей хан туралы.
«Бұрыннан бергі зерттеудің нәтижесінде Қорғалжын ауданы аумағынан карта табылды. Ол Ресейдің XVI-XVII ғасырға жататын ескі картасы. Сол картада М-Керей деген жазба бар. Біз Қорғалжын аудандық мұражайына қойылған Ресейдің картасымен барып сол орынды қарадық. Карта арқылы Керейдің зираты табылды. Бірақ оның қай Керей екенін анықтау үшін зерттеу жұмыстары жүргізілуі керек», — деді Алмас Аянұлы.
Өңірдегі ақсақалдар, депутаттар мен ғалымдар, аудан әкімі, бәрі бірігіп Керейдің зираты табылғанын, оны зерттеу керегін айтып тиісті министрлікке хат жолдауға ниетті екен. Өңірдегілер бұл ауқымды шара екенін айтуда. Сонымен қатар, бұл аудан төңірегінде ғана тарайтын ақпарат емес Республикалық маңызы бар мәселе.
Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданындағы Капустин Яр полигонында Ресейдің әскери зымыран сынақтары жүргізіліп жергілікті тұрғындар экологиялық және әлеуметтік қиындықтарға тап болып жатқанын жаздық.
Жаңалықтар
- Жолдарда полиция бірнеше есе көбейді
- Лисаковскідегі бала зорлағыш өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
- Жағармай үшін өмірін жақты: Әскери бөлім қоймасының меңгерушісі тоғыз жылға сотталды
- Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекетінде әскери қызметші мен баласы қаза тапты
- ТЖМ еліміздің оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін нысандар мен ғимараттарды тексерді
- Бас прокуратура алаяқтардың жаңа «әдісі» туралы ескертті
- Алматы кәуапханаларында экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды
- Стоматологиядағы бала өліміне қайталама наркоз бен ескерілмеген препараттар себеп болуы мүмкін — сарапшы
- БЖЗҚ нарықты шайқады: жарты триллион теңгеге жуық аударым баспана бағасын шарықтатып жіберді
- Әлем чемпионаты: 2026 жылдың топтық кезеңі белгілі болды
- Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады
- 2026 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда ҚҚС қалай жұмыс істейді
- Ақмола облысында автобус пен экскаватор соқтығысып қалды, зардап шеккендер бар
- Қазақстан енді ақбөкен мүйіздерін заңды түрде экспорттай алады
- Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тоқтатылды
- 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алауы Римде жағылды
- Елімізде бизнесмендер үшін жоспарлы салық тексерістері алынып тасталды
- Дәулет Тұрлыханов Қазақ күресі федерациясының басшысы қызметінен кетті
- Еріктілік туралы: Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында сөз сөйледі
- «Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шықты