ҚазҰУ түлегі грант қаражатын қайтаруға міндеттелді

cover

Алматыдағы жоғары оқу орнының түлегіне қарсы қаржы орталығы сотқа талап-арыз түсірді. Істі Мойынқұм аудандық соты қарады, деп хабарлайды Orda.kz.

Сот материалдарында көрсетілгендей, Жамбыл облысының тумасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ауыл жастарына арналған квота бойынша оқыған. Яғни, ол мемлекеттік бюджет есебінен білім алған.


Алайда 2023 жылы оқуын аяқтаған соң, ауылдық түлек жұмыс орнына бармаған және жұмыспен қамту орталығына тіркелмеген. Осыған байланысты жас мамандардың міндетті еңбек өтемін немесе оқу шығындарын өтеуін қадағалайтын орган — «Қаржы орталығы» оны сотқа берген. Түлектен оқуға кеткен екі жарым миллион теңге мен 666 мың теңге көлеміндегі өсімпұлды қайтару талап етілді.

«Жауапкердің өкілі негізгі қарызды ғана мойындады. Сот істі қарастыра келе, міндеттеменің орындалмағанын анықтады. Нәтижесінде түлек 2,5 миллион теңгені қайтаруға міндеттелді, ал өсімпұл көлемі талап қоюшының сотқа кеш жүгінуіне байланысты 66 мың теңгеге дейін төмендетілді» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 


Сот бұл шешімді былай түсіндірді: заң бойынша түлектер үш жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуге немесе шығындарды өтеуге міндетті.

Еске салсақ, биыл елімізде грантқа талас болып, Алматыдағы ҚР ІІМ академиясы қазақстандық балаларға Ресейде оқуға кеңес берді. 

Сонымен қатар талапкерлердің  аузын айға қаратып кеткен алаяқ Астанада ұсталды. 

Былтыр Мәжіліс отырысында Магеррам Магеррамов 2011-2024 жылдар аралығында Назарбаев зияткерлік мектебі әрбір оқушысына жыл сайын  27 млн теңге бөлінгенін мәлімдеді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар