Қазақстанда 2025 жылы ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

cover Фото: ҰОК

Қазақстанда ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі.


«Қазақстан 2025 жылы ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын өткізетін ел болып жарияланды» делінген хабарламада.



Шешім Қазақстан федерациясының президенті Қажы Гаджиев пен Халықаралық федерация басшылары Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Азия федерациясының басшылары Мохамед Юсуф Әл Мананың ресми кездесуі аясында қабылданды.

Жарыстың нақты күні мен чемпионат өтетін қала кейінірек белгілі болады.

Дохада (Катар) өткен кездесуде федерация өкілдері ауыр атлетиканы дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар