Қазақстан құрамасының екі ойыншысы Ұлыбритания клубына ауысуы мүмкін

cover Фото: offside.kz коллажы

Шотландияның «Хартс» клубы Қазақстан құрамасының ойыншылары Ислам Чесноков пен Ғалымжан Кенжебектің Уэльс пен Бельгияға қарсы қыркүйектегі матчтардағы ойынын бақыламақ, деп хабарлайды Orda.kz.

BorodAbata порталының мәліметінше, Қостанайлық «Тобол» клубының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков пен Семейлік «Елімай» командасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек шотландиялық «Хартс» клубының назарында тұр. Қазіргі таңда «Хартс» Шотландия чемпионатының алғашқы төрт турынан кейін турнир кестесінде бірінші орында.

Ислам Чесноковтың ауысуы іс жүзінде шешілген, ал Ғалымжан Кенжебектің жағдайы қазіргі уақытта қарастырылу кезеңінде.

Бұған дейін «Тобол» командасының ойыншысы британдық клубқа ауысуы мүмкін екені туралы хабарланған болатын.

Еске салайық, Чесноков пен Кенжебек 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қыркүйек айындағы ойындарға Қазақстан құрамасына шақырту алған. Ұлттық құрама Уэльс құрамасына қарсы 4 қыркүйекте, ал Бельгия құрамасына қарсы 7 қыркүйекте ойнайды.

2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының қазіргі маусымында Ислам Чесноков 19 матч өткізіп, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Оның Қостанай клубымен келісімшарты 2025 жылдың 31 қазанына дейін жарамды. Transfermarkt порталы футболшыны 900 мың еуроға бағалап отыр.

Ал Ғалымжан Кенжебек маусым барысында, яғни 2025 жылдың шілде айында Семейлік клубқа қосылғандықтан, небары 7 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Оның келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Алматының «Қайрат» клубының түлегі ретінде футболшы 225 мың еуроға бағалануда.

 
Жақында «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының «Реал Мадридке» қарсы матчына билет сату немесе брондау туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Маусымның алғашқы кубогы үшін өткен матчта «Қайрат» футболшылары «Ақтөбе» командасын 2:0 есебімен ұтты.«Қайрат» футболдан 2025 жылғы Қазақстан суперкубогын жеңіп алды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар