Қазақ тілін мазақ еткен заңгер Ержан Есімхановтың басы дауға қалды

cover Фото: instagram/ yer_yess

«Қазақ тілін мазақ еткені үшін» әлеуметтік желі қолданушыларының ашуына тиген заңгер Ержан Есімханов түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.

Заңгер Ержан Есімханов Arum Natzorkhang есімді ежелгі тілдердегі мәтіндерді қалпына келтіріп, бейнероликтер жасап шығаратын автордың өнеріне таңданып, қазақ тілі жайлы да сөз сөйлеп, жазба жариялады:

«Инстаграмда Arum Natzorkhang деген бір қызық адам бар. Ол ежелгі тілдердегі мәтіндерді қалпына келтіріп, одан видео жасап шығарады. IX ғасырдағы ағылшын тіліндегі Беовульф па? Оны жасау оп-оңай. Египет мифтері де түк емес. Бірақ нағыз эпик сәт – ол «Иллиаданы» қалпына келтірген кезде болды. Пікірге жүз мыңдай грек кіріп, бір-бірімен «қайсысы нағыз ежелгі грек тілі?» деген тақырыпта екінші Марафон шайқасын бастап жіберді. Біздің қазақшасөйлейшниктерге оған жету қайда?», — деп жазды Ержан Есімханов. 

Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында бірден қызу талқыланды. Көпшілік қазақ тілінің мәртебесіне қатысты мұндай көзқарасты сынға алып, наразылықтарын білдірді.

Мұндай айыптауларға байланысты Ержан Есімханов тағы бір жазба жариялап, өз ойын түсіндірді. Ол мұндай пікірінің артында қазақ тіліне қарсы көзқарас емес, керісінше, «қазақша сөйлеуді мәжбүрлеп, ұрсып талап ететіндерге» қарсы ой жатқанын айтты:

«Біріншіден, сәтсіз сөз таңдаған шығармын. Бірақ мен ұрсып: «қазақша сөйле!» деп талап ететіндер туралы айттым», – деді заңгер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айдос Үкібай Путинмен жолыққан Назарбаевқа қатысты түсініктеме берген еді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар