Каспийде браконьер балық испекторларынан қашамын деп қайтыс болды

cover Фото: Polisia.kz

Исатай ауданы Забурын ауылының маңында балық испекторларынан қашқан браконьер қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Балық қорғау инспекторлары үстінде бірнеше адам болған белгісіз қайықты қуған. Олардан қашқан ер адамдардың бірі қайықта есінен танып, көп ұзамай көз жұмды. Болжам бойынша, марқұм инфаркт алған болуы мүмкін.

Марқұмның серіктері оның денесін қалаға жеткізуге тырысқан. Бірақ жолда оларды полиция ұстады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Редакция Атырау облысының балық инспекциясынан түсініктеме сұрады. Алайда олардан жауап болмады.

Айта кетейік, елордалықтарға тіл тигізген сарапшыға айыппұл салынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар