Иран соғысты тоқтатудың 5 шартын атады
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Иран АҚШ ұсыныстарын қабылдамай, келіссөздерден бас тартты. Сондай-ақ соғысты тоқтату үшін бес шарт аталды, деп хабарлайды Orda.kz ирандық presstv.ir телеарнасына сілтеме жасап.
Иранның қойған бірінші шарты — қарсы тарап «агрессиясы мен террорын» толық тоқтатуы қажет. Кейін Иранға қарсы соғыс қайта басталмайтынына нақты кепілдік беретін механизмдер құрылуы шарт.
Тегеран соғыс салдарынан келген шығындарды толық әрі ашық түрде өтеу және өтемақы төлеу міндетті екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, аймақтағы барлық бағыттарда жоспарланған соғыс тоқтауы керек.
Ең соңғы шарт, Ормуз бұғазы бойынша Иранның егемен басқару құқығын халықаралық деңгейде мойындау және оған кепілдік беру.
Телеарна мәліметінше, бұл шарт әлі де толықтырылады.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ және делдал елдер — Пәкістан, Мысыр мен Түркия Иранмен жоғары деңгейдегі бейбіт келіссөздерді бүгін, 26 наурызда өткізу мүмкіндігін талқылап жатқаны мәлім болған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- ҰҚК заңсыз контрабандамен айналысты деген 18 шетелдікті ұстады
- Ақтөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болды
- Алматыда мереке кезінде бес мыңнан астам адам жол ережесін бұзған
- Тоқаев Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық қатынас дами беретініне сенім білдірді
- Трамп сенбіге дейін соғысты тоқтатуы мүмкін — Израильдік БАҚ
- БҚО-да тағы бір дрон құлады
- Иран АҚШ шарттарын қабылдамаса Трамп елді «тозаққа айналдырмақшы»
- Иран соғысты тоқтатудың 5 шартын атады
- Сайлаудан жалтаруда: Нетаньяху мерзімінен бұрын бюджетті бекітуге ниетті
- Тұрғын үйдегі жарылыс: Шахтинскідегі апаттан аман қалғандардың жағдайы қалай?
- Алматыда ұялы телефондар дүкеніне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
- Телефонға алаңдап, қарсы жолаққа шығып кеткен: Алматыда көлік аударылды
- Украина дрон шабуылынан кейін Ресейдің Усть-Луга портында өрт шықты
- Нұрлан Байбазаров Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды
- Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды
- Жаңбырдан кейін көліктерді лай басты: Атырау тұрғындары «лас жауынға» шағымдануда
- Атырауда жасөспірім биіктіктен құлап кетті
- Иран бойынша бейбіт келіссөздер 26 наурызда басталуы мүмкін
- Жүктілігін жасырған студент: Павлодарда жаңа туған сәбидің өлімімен аяқталған іс бойынша үкім шықты
- Ақмола облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты