Геннадий Головкин Ұлыбританиядағы жекпе-жекке оралуға дайын

cover

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Ұлыбританияға оралып, екінші жекпе-жегін сонда өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

— Егер қызықты ұсыныс болса, Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуге сұраныс болса, мен оны қарастыруға дайынмын. Өйткені ол жақта менің ең көп жанкүйерлерім бар, - деді Головкин.

Еске салсақ, 39 жастағы қазақстандық 2016 жылы Ұлыбританияда жекпе-жек өткізген: кейін Головкин жергілікті боксшы Келл Брукпен (39-3, 27 КО) жұдырықтасып, оны бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

 Бастапқыда тағы бір британдық кіші Крис Юбанк (31-2, 23 КО) GGG-ге қарсылас болуы керек еді, бірақ онымен келіссөздер шешімін таппады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар