Ержан Сейітқазинов: «Бурабайды кім дамыту керек?»

cover

Президент Кеңсесі Бурабай курорттық аймағына қатысты лоттарды неге жалғыз ЖШС жеңіп отырғанын түсіндірді.

Департаменттің баспасөз хатшысы Ержан Сейітқазиновтың айтуынша, курорттық аймаққа қатысты соңғы лоттарды жеңіп алған «Бурабай Даму» ЖШС-ның мақсаты Щучинск-Бурабай курорттық аймағының тартымды туристік имиджін қалыптастыру, барлығына қол жетімді сапалы демалысты ұйымдастыру болып табылады.

«Бурабай – біз біршама дамытқымыз келетін, Қазақстанның бірегей курорты. Кім дамыту керек? Әрине, Ақмола облысының әкімдігі, оның ішіндегі туризм бөлімі. Курорт өте үлкен, әсіресе ол республикаға ғана емес, басқа елдерге де қызық. Шипажайлар негізінен жеке инвестицияның арқасында дамып келеді, өкінішке орай бұл жағдайда инвесторларды тарту проблемасы туындайды. Бурабайдың климаты Алматыдан өзгеше, онда жылына жеті ай суық болып тұрады. Яғни, егер жеке инвесторлар болса, олар үшін табыс тауып, инвестицияларды қайтару қиынырақ болар еді. Бірақ курортты дамыту керек. Сондықтан мемлекет, оның ішінде президент әкімшілігі курортты дамытып, туристерді қызықтырып, инфрақұрылымды жасап жатыр», - деп қосты Сейітқазинов.

«Бурабай Даму» ЖШС-нің қызмет саласы Щучинск-Бурабай курорттық аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы объектілерін күтіп ұстау және пайдалану, 2015 жылғы 3 маусымдағы №15010457 лицензия негізінде жүзеге асырылатын туристік және операторлық қызмет.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар