ERI: рейтинг еліміздегі бизнес ахуалды дәл көрсетпеген

cover

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Сараптамалық кеңесі US News & World Report 2021 жылғы нұсқасы бойынша бизнеске  қолайлы  үздік елдер рейтингіндегі Қазақстанның позициясына түсініктеме берді.

US News & World Report әдістемесіне сәйкес рейтинг тек сауалнама мәліметтеріне ғана негізделген. 2021 жылы сауалнамаға төрт аймақ – Америка, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Африканың 36 елінен 17 326 респондент қатысқан.

— Рейтинг бойынша Қазақстан 78 елдің ішінде 75-орында. ERI сарапшылары Қазақстанның бизнес үшін үздік елдер рейтингіндегі позициясы туралы ақпарат жағдайды дәл бағалау үшін пайдаланылмауы тиіс деп санайды, - деп хабарлады ERI баспасөз қызметі.

Респонденттер кездейсоқ іріктеу әдісімен: ақпараттандырылған элиталар, бизнес көшбасшылары, жалпы жұртшылық топтарынан алынған.

Рейтинг нәтижесі бағалау респонденттердің белгілі бір елмен қауымдастығына орай құрылады. Сондай-ақ респонденттер жа уабына түрлі факторлар (көңіл-күйі, жеке сенімі, қызығушылығы) әсер етуі мүмкін. Сауалнамаға ел туралы ештеңе білмейтін немесе жаңалықтар (ресми ғана емес, жалған мәліметтер) негізінде ғана білетін респонденттер қатысуы да мүмкін.

78 елді бағалау жөніндегі сауалнамаға тек 36 елдің өкілі ғана қатысқан, ал ол тіпті 50%-ды да қамтымайды. Осылайша, сауалнама сараланбаған елдерде немесе керісінше жүргізілген болуы мүмкін. Көптеген беделді рейтингтер сауалнаманы әдетте үлкен үлес құрайтын статистикалық мәліметтермен (ДЭФ ЖБИ, IMD, т.б.) біріктіреді.

Осылайша, Қазақстанның бизнес үшін үздік елдер рейтингіндегі позициясы туралы ақпаратты елдегі жағдайды шынайы бағалау және инвестициялық шешімдер қабылдау үшін негіздеме ретінде пайдалануға болмайтын болып шықты.

Doing Business Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Дүниежүзілік банктің басты зерттеуінде Қазақстан жыл сайын позициясының жақсарғанын көрсетіп, алғашқы отыздыққа енеді (190 елдің ішінде 25-орын). Бұл зерттеуге осы саладағы проблемалар мен жүргізіліп жатқан реформалардан хабардар жергілікті бизнес өкілдері қатысады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар