«Ералаш» режиссері Белостоцкийге педофилия бойынша айып тағылды

cover

Ресей астанасы Мәскеуде ресейлік режиссер, сценарист, «Ералаштың» режиссері Илья Белостоцкий тергеу абақтысында отырғанына бір жыл болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

«Ералаштың» режиссеріне 12-14 жас аралығындағы балаларға қатысты азғындық әрекет жасады деген айып тағылды.

Бұған дейін БАҚ өкілдеріне ер адамның қамауға алынғаны туралы хабарланған жоқ. Ол өткен жылдың қазан айында қамауға алынып, содан бері тергеу изоляторында отырғаны белгілі болды.

Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің «он екі жасқа толған, бірақ он төрт жасқа толмаған адамға қатысты жасалған азғындық» бабы бойынша Белостоцкий үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Илья Белостоцкий – ресейлік режиссер, сценарист, актер және продюсер, Ресейдің режиссерлер гильдиясының құрамына кіреді. Қамауға алынғанға дейін «Ералаш» кино-журналының режиссері болып жұмыс істеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар