Елімізде магистратураға түскен грант иегерлерінің тізімі шықты

cover Фото: gov.kz

Қазақстандағы магистратураға тапсырған грант иегерлерінің тізімі шыққаны туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.       

«Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағытқа түсу үшін 75 балдан астам, бейіндік бағытқа 30 балдан астам жинаған үміткерлер қатысты. Байқауға барлығы 20 мыңнан астам адам қатысты. Болашақ магистранттарды ӘПҰ-ға қабылдау 2025 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі» деп жазды Нұрбек сенбі күні өзінің Telegram-арнасында. 


Грант иегерлерінің толық тізімін (https ://t.me/SayasatNurbek/9951) сілтемесі бойынша жүктеп алуға болады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына грант иегерлерін қабылдау 2025 жылғы 28 тамызға дейін жалғасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биылғы гранттардың 60 пайызы инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінді. Бұл шешім экономиканың басым бағыттары үшін білікті мамандар даярлау қажеттілігімен байланысты. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар