Екпе алған қазақстандықтарға Ashyq-та «жасыл» мәртебе беріледі

cover

Коронавирустық вакцинаның екі компонентін алған барлық қазақстандықтарға апта соңына дейін «жасыл» мәртебе беріледі.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

200 мың вакциналанған азамат қазірдің өзінде Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебеге ие болды. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

– Барлық вакцинацланған адамдарға мәртебені кезең-кезеңімен тағайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Кестеге сәйкес вакцинаның екі компонентін алған әрбір адам аптаның соңына дейін жасыл мәртебеге ие болады, - деп жазды Мусин өзінің facebook парақшасында.

Еске салсақ, 1 шілдеге дейін Ashyq қосымшасы Қазақстанның вакциналанған тұрғындарының мәліметтер базасымен біріктірілуі керек. Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы бұған дейін вакциналанған азамат 12 айға алдын ала «жасыл» мәртебеге ие болатынын айтқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар