Депутаттар Қырғызстанның туын өзгертуді ұсынды

cover

Қырғызстанның Жогорку Кенеш депутаттары мемлекеттік тудағы күн сәулесі пішінін өзгертуді ұсынып отыр.

Идея бастамашылары – спикер Нұрланбек Шәкиев пен депутат Ұлан Пірімов. Республиканың туын жетілдіруге бағытталған тиісті заң жобасы 28 қыркүйекте қоғамдық талқылауға шығарылды.

«Бүгінгі таңда Қырғыз Республикасы туының ортасындағы күнбағыс немесе киіз үйдің өрмегі сияқты әртүрлі түсіндірмелердегі күн сәулесінің ортасында түндік бар күн сәулесін көзбен көру қиын болғандықтан, тудағы түсініксіз бейнені  жою шараларын қабылдау қажет»,-  деп сендірді депутаттар.

Олар тудағы сәулелердің пішінін түзу және күн сәулесіне анық ұқсайтын етіп өзгертуді ұсынады.

Тудың жаңа дизайнын әзірлеу үшін оны алғаш жасаған және математикалық есептеулерді, сызбаларды және соған байланысты жұмыстарды жүргізген авторлар тартылды.

 

Қырғызстанның туы Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылы 3 наурыздағы қаулысымен бекітілген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар