Даяшыны ұрған жігіт қоғамнан кешірім сұрады

cover

Желіде қонақтың алдына су төгіп алғаны үшін соққы алған даяшы жігіттің видеосы тарады. Аталған оқиғаға байланысты полиция қолын ала жүгірген ер азаматтың ұсталғанын мәлімдеді, желіде кешірім сұраған видео жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлағандай, жұдырық сермеген азаматтың кім екені анықталды.

«Оқиғаға қатысты 1992 жылғы азамат ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеу амалдарына қатысу үшін Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Кінәлі жауапкершілікке тартылады» делінген хабарламада.

Жұдырығын ала жүгірген азамат өз қылығының дұрыс еместігін айтты.

– 25 күні кафеде осы оқиға болды. Мен таңғы асқа келдім. Даяшы менің үстіме кездейсоқ кофе төгіп алды. Ол үшін мен оған шапалақ тартып жібердім. Қатты ұрмадым. Бірақ мен бұл мінез-құлық адамға тән емес екенін түсінемін. Мен қоғамнан және жәбірленушіден кешірім сұраймын, - делінген жігіттің видеосында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар