42 500 жыры жалғасын таба ма? Зейнетақы қорына қол жеткізу неге қиын?

cover

Қазіргі таңда тұрмыстық жағдайды жақсарту үшін зейнетақы жинақтарындағы ақшаны шешу мәселесі өзекті болып тұр. Қазақстандықтар жүйені түсінбей бастары қатуда. Бірі шот аша алмай әлектенсе, енді бірі жоғарыдағы келісімді күтуде. Осы жайлы ORDA. «Отбасы банк» АҚ-нан сұрастырып көрді.

2020 жылдың соңында айтыла бастаған жоба, 2021 жылы 2 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен бекітілді. Алға екі апта салса да жүйе қалпына келе алмай отыр.

Қазіргі таңда 700 мыңға жуық адам жобаға қызығушылық танытып отырса да, оның тек 46 500-і ғана «Отбасы банкінде» шот ашқан. Қалған адамдар үшін шот ашудың өзі үлкен қиындық туғызып отыр.

Осы орайда, банк қызметкеріне жүйе қашан орнығып, қызметін бастайтындығын сұрағанда:

«Әзірге ешқандай мәлімдеме берілмейді» деп, сөзін қысқа ғана қайырды.

Сонымен қатар, банк азаматтар 300 тегін колл-орталығына көмекке жүгіне алады деп мәлімдеді.

Еске салсақ, бүгін Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағын шешу жобасын сынға алған. Оның айтуынша, мемлекет басшысы қол қойған заң әлі күнге дейін кабинет аралап жүр.

Қазіргі таңда, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін бекітпеген.

Ал қазақстандықтар болса, зейнетақы қорын шешуге қатысты сұрақтарына жауап таба алмай ұйым табалдырығын тоздыруда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар