Болашақ бағдарламасымен білім алғандар енді елге қайтпаса да болады

cover Фото: freepik.com

Болашақ бағдарламасымен оқығандар енді елге қайтпаса да болады. Бірақ белгілі бір шарттарды орындауы керек, деп хабарлайды Orda.kz. 

Кеше, 20 қаңтарда ғылым және жоғары білім министрлігі «Болашақ» стипендиясын алу және жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді.

Жаңа ережеге сәйкес, іріктеуден өткендер ғана шәкіртақы ала алады. Бұрын жыл соңына дейін күту қажет болса, енді сол күнтізбелік жыл ішінде қайта өтініш беруге болады.

Осы уақытқа дейін стипендиаттар Қазақстанға оралып, елде кемінде бес жыл жұмыс істеуі керек еді. Бұл талап енді міндетті емес.

«Бағдарлама түлектерінің Қазақстан мүшелік ететін БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ және ТМТ сияқты халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесінен өтуге мүмкіндігі бар», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар