Бейжіңде балапан басындай бұршақ жауып, қатты дауыл құйындатты

cover Фото: Pixabay

13 қыркүйекте кешке Қытай астанасында соңғы жылдары болмаған күшті құйын соқты, деп хабарлайды Orda.kz.

Жел сағатына 117 шақырымға дейін екпіндетіп, балапан басындай бұршақ санаулы минуттарда көшелерді ақ кілемге орады.

Бейжіңде ауа райының қолайсыздығына байланысты басты жолдар жабылып, кейбір қиылыстарда су тасқыны болды. Кездейсоқ әбігерге түскен жүргізушілер апатты күтіп, жол жиегіне тоғытылды.

Бірнеше сағат бойы соққан дауыл қаланың күйін қашырды.

2025 жылы Бейжіңде табиғи апат жиі байқалды. Сәуірдің ортасында Қытай астанасы мен солтүстік өңірлерді тайфунмен салыстыруға болатын күшті дауыл болды. Қираулар көп болып, ондаған адам зардап шекті. Тамыз айында су тасқыны Бейжіңнің берекетін кетірді. Нәтижесінде адам шығыны болып,  жұртты жаппай басқа жаққа көшірді.  Енді қыркүйекте қалың бұршақ басып, дауыл соқты.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар