Бас еңбек инспекторы екпе алмағандар жұмысқа жіберілмейтінін растады

cover

Қазақстанның бас еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов Денсаулық сақтау министрлігі екпе алмаған қызметкерлерді жұмыстан шеттету туралы енгізген нормаларды растады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Жоғарыда аталған ереже 18 қазаннан бастап күшіне енді. Жұмыс берушілер екпе алмаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізе алмайды. Вакцина алмаған жұмысшылар тек қана ПТР сынақтың қорытындысымен келуі керек.

– ҚР Еңбек кодексінің 48-бабының 1-тармағында жазылған нормалар бар, олар заңнамалық актілер мен мемлекеттік органдар шығаратын актілер негізінде, яғни Денсаулық сақтау кодексіне сәйкес, санитарлық дәрігердің нұсқауы міндетті, - деді инспектор.

Осы бапқа сәйкес, жұмыс берушілер жұмысшыларды жалақысыз жұмыстан шеттетуге де құқылы. Өзара келісім болған жағдайда, жұмыс беруші төлемді өз мойнына алады, яғни жалақының не 50%-ын, не ең төменгі жалақы төлей алады.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аталған бұйрықты бекіткен. Оған сәйкес жұмысқа тек екпе алған қызметкерлер немесе ПТР-тесті теріс нәтиже бергендер жіберіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар