Банк самурайы Ертаев Жомарттың қаржылық жолы

cover

17 қарашада сот үкімімен Жомарт Ертаев 11 жылға сотталып, бас бостандығынан айырылды

Путь «банковского самурая»: кто он, Жомарт Ертаев?

ОРДА. оқыс қылықты банкирдің бастан өткізген түрлі оқиғаларын еске түсіре отырып, онымен жете және жеке таныс болғандардан  Ертаев туралы пікір бөлісуін өтінген еді.

17 қарашада жарияланған сот шешіміне орай  Ертаев өзгенің мүлкін меншіктеп, оны талан-таражға салғаны  үшін айыпталды. Бұл қылмысты ол алдын ала келісілген топпен іске асырған. (ҚР Қылмысты істер Кодексінің 189 бабының 2 тармағының 4 бөлімі). Банкир ҚР ҚІК-нің 28 бабының 3 бөліміне сәйкес қылмысты  ұйымдастырушы деп танылды.

Сот Ертаевты Bank RBK-ға тиісті 144 миллиард теңгені жымқырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырып, ол мерзімді қауіптілігі орта деңгейдегі қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болды. Сонымен бірге қылмыскердің дүние-мүлкі тәркіленіп, сот оны 5 жылға дейін коммерциялық-қаржылық ұйымдарда материалдық жауапкершілігі бар қызметтерде істеу құқығынан айырды.

Қаржыгер Расул Рысмамбетов Ертаевқа қатысты сот үкімі туралы:

«Менің түсінгенім, Ертаев банктің клиенттеріне ақшаны өзіне сыйақы алу мақсатында оңды-солды таратқаны үшін қамалды. 90-шы жылдары  мұндай әдісті «шапка» дейтін, қазір ол «откат» деп аталатын болды. Қаржылық ортадағы онша кең тарай қоймаған деректерге сүйенсек, Ертаев формалды емес бірақ ірі деп айтуға тұрарлық қаржылық-өндірістік топтың бір тетігі ғана болған деп  болжауға болады. Осы болжамға сәйкес бұл топ өздері басқарып отырған банктерін пайдаланып, ондағы ақшаны өз қалталарына салып отырған. Бұл схеманың басында тұрғандардың айтуынша мұндай қаржылық топтың бір бөлігі банк басшылығының, ал басқа бір бөлігі банкке жақын адамдардың араласуымен құрылған.

Ертаевқа неліктен ұзақ мерзімді жаза берілді деген сұраққа Рысмамбетов:

«Шамамен айтсақ, бұл Ертаевтың алғашқы заң бұзушылығы емес. Оның  бұдан басқа да заңсыздықтарға барған кезі болған және ол жазалаудан, тергеуден қашып Қазақстанға оралудан бас тартып жүрді. Осы қылығымен ол оған сенген бірнеше жоғары лауазымды адамдардың сенімін ақтамады. Бұл болжамның растығын таразылау – нарықтың еншісінде.

Ертаев пен Марғұлан Сейсембаевтың Альянсбанкте істеген жылдарындағы екеуінің арасындағы келіспеушіліктер де ел есінен шыға қойған жоқ. Ол кезде де бұлардың тарапынан мемлекеттік мүдделерге зиян келтірілген болатын».

Ертаевтан басқа сотталушылар орындығында 36 адам отырды. Олардың арасында Игорь Мажинов, Бахыт Ибрагим, Татьяна Пак, Адылжан Садықов және басқалар бар.

«Сотталып жатқан банкирлердің ішінде бастықтарының тапсырмасын орындағаны үшін заң бұзушылыққа амалсыз барған таза банк менеджерлері де бар. Қазақстанда бұл жиі кездесетін жайт. Бизнестің немесе саясаттың жоғары лауазымды тұлғалары заңсыздыққа барып жатса да олардың іс-әрекеттері заң аясында жасалды деп талаптары орындалып жататын сәттер болып тұрады біздің қоғамда. Олардың мұндай әрекеттері барлық деңгейде заңды деп танылады. Алайда шындап тексеріле келгенде бұл іс-әрекеттердің көзбояушылық екені әшкереленіп жатады», - деді Рысмамбетов.

Сот Жомарт Ертаев пен Бахыт Ибрагимнен қаржылай зардап шеккен аттары аталмаған 3 адамға 59 миллиард теңге өндіріп берді. Өндірілген дүниемүліктің ішінде құны 3,4 миллиард теңгені құрайтын ұшақ та бар екен. Ол ұшақ эксбанкирдің ежелден келе жатқан арманы болса керек.

Путь «банковского самурая»: кто он, Жомарт Ертаев?

2020 жылдың қаңтарында Ертаев өз кінәсін толықтай мойындаған болатын. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жомарт Ертаев қылмысты істі тергеу барысында тергеуге көмектескен және келтірген зиянның біраз мөлшерін қайтарған.

Путь «банковского самурая»: кто он, Жомарт Ертаев?

Рысмамбетов сондай-ақ Ертаевтың түрмеден ерте босанып келу мүмкіндігін де айта кетті:

«Егер Жомартты Альянсбанктегі қылмыстары үшін қаржылық секторда істеуіне дер кезінде тиым салынғанда – бұл қылмыстар бүгінде орын алмаған болар еді. Бірақ әлдекімдер оны тауып алып, оған жұмыс беріп, оның нәтижесіне қуанып отырды ғой. Ағымдағы  билік транзиті мен элитаның ауысымында Жомарттың торда қаншалықты отыратынын дәл басып айту қиын. Дәл қазір мен Жомартты әзәзіл деп ойламаймын. Өйткені банк ісінде мұндай қылмысты ол жалғыз өзі жасай алмағаны анық. Бұл жерде ақша регуляторын жақсы білу керек, ал ең бастысы – мемлекеттік бағдарламадан қаржыны суырып алу үшін Үкіметте жақсы  байланысың болуы керек. Жомарт біреудің жолын бөгеді деп те айта алмаймын. Ол негізінен жалдамалы менеджер болды. Қаржылық схемалардың авторы бола тұра ол басты идея беруші емес - ол топ ішінде көптің бірі болып жұмыс істеді. Өкінішке орай біздің қаржылық секторда саясаттың ықпалы көп, әкімшіл ресурстар мен телефондық құқық көп».

Жомарт Ертаевтың жаулары

Қаржылық орта Ертаевты жақсы көре қоймайтын. Мысалы, Айдан Кәрібжанов өзінің Facebook парақшасында Ертаевты алаяқ деп жазатын.

Путь «банковского самурая»: кто он, Жомарт Ертаев?

Жомарт Марғұлан Сейсембаев пен Григорий Марченкомен жақсы болған жоқ.

2009 жылдың тамызында Марғұлан Сейсембаев шетелде жүріп жазған хатында банктегі хал-ахуалға байланысты өте қобалжитынын айта келе мұның бәрі, нақты айтқанда, Ресей банктерімен келісімдерге өзінің қатысы жоқ екенін, банк менеджментіне байланысты іс-әрекеттердің бәрін Жомарт Ертаев пен оның орынбасары Алексей Агеев жүргізгенін айтады.

Бұған Ертаевтың айтар уәжі бойынша «банктен миллиард доллардың жоғалғанын біле салысымен кез келген акционер ең алдымен осы іске қатысы бар деген адамдарды сотқа беруі керек еді, несиелік қаржының кепілге алынатынын білмеу – бұл сорақылық» – деп жауап қайтарған еді. Оның айтуынша

«Бұл жерде құпия ойын жүріп жатқандай. Ойынға қатысушылар әлденеге қатты асығуда, содан ба бетперделерін жұлып тастап, адами этикадан алыстап кетті, абайламайтын болды».

Ертаев Григорий Марченкомен де жақсы еместігі туралы. 2009 жылы Ертаевты «Евразиялық банк» төрағалығынан босату туралы сөз болған баспасөз конференциясы кезінде Марченко Ертаевтың ісі прокуратураға берілді деп хабарлады. Бұған таңқалған Ертаев  Марченконың бұл ісін дөрекілік және әдепсіздік деп атады.

 Жомарт Ертаевты кім деп танисыз?

PR маманы Нүркен Халықберген Ертаевпен небәрі бір-ақ рет кездескен.

«2013 жылы мен «Теле 2»дегі жұмысымнан босап қалдым. Сол кезде Ертаев маған «бірігіп жұмыс істейік» деген ұсынысын айтты. Ол маған Әлішер Елікбаев арқылы шыққан болатын. Мен үшін  ол кез қиын кезең еді. Біз кездесіп, кеңесіп, бір-бірімізге қалай көмек көрсетіп, қалай әріптес болу жағын ақылдастық. Алайда онымен бірге жұмыс істеудің сәті түспеді».

Ұлан Ахметов Жомарттың Facebookтегі френді (досы)

«2014 жылы өмірге сәби келді. Бір айдан кейін оның анасы қатты ауырып қалды. Отбасымыз қаржылық қиындыққа тап болдық. Ақша іздеп барлық дос-жараннан көмек сұрауға тура келді. Facebookте бір-бірімізбен араласып жүрген соң Жомартқа да жаздым жағдайымды айтып. Ол маған сөзге келмей 300 мың теңге берді. Мен үшін бұл үлкен ақша еді. Ол туралы не айтылса да мен оның жақсылығын ұмытпаймын. Мен оны ақтай да, қорғай да алмаймын. Бірақ сондай  ақылды, білімді жігіттің тағдыр талқысына түскеніне жаным ашиды».

Блогер Жанна Ильичева Жомартпен араласқан сәттері туралы:

"Мен Жомартты банкир ретінде де, бизнесмен ретінде де білмеймін. Мен онымен ешуақытта іскерлік қарым-қатынаста болған емеспін. Бірақ мен оны бірнеше жылдар бойы онлайн-дос ретінде ғана танимын. Біз Facebook арқылы танысып, ол одан кеткен соң WhatsApp арқылы араласып тұрдық. Біз ешуақытта саясат, акция немесе инфляция туралы сөйлеспеппіз. Біздің әңгімеміз өмір туралы, достар, балалар, адами құүндылықтар, болашақ туралы болатын. Мен өмірімде алғаш рет осындай өзіне тарта да білетін, өзінен аулақтата да алатын харизмалы адаммен кездестім".

Ильичеваның айтуынша Жомарт Ертаевты «нағыз »деген сөзбен бейнелеуге болады.

«Байқағаным, Жомартқа немқұрайдылықпен қарай алмайсыз. Оны  не жақсы көресіз, немесе жек көресіз. Оның көңілкүйінде, адамдармен араласуында жасандылық жоқ. Мүмкін оның осы қасиеттері өздері осындай бола алмағаны үшін «түймелері түгел түймеленетіндерге» ұнамаған шығар. Керісінше, дүниеден гөрі адами қасиеттерді бағалайтындар оған ұмтылатын. Ол Facebookтен кеткенде эссе, естеліктер, басқа да жазбалар жазып достарына жіберіп отыратын. Олардың араласуы 2018 жылдың қарашасында тоқтаған еді. Жанна Ертаевтың жіберген соңғы хабарламасымен бөлісті»:

Путь «банковского самурая»: кто он, Жомарт Ертаев?

Ұмытпасақ, 2009 жылдың тамыз айында Ертаев «Евразиябанк»АҚ-ның  басқарма төрағасы болып тұрған кезінде Қаржы полициясы оны Альянсбанкте істеген жылдарында 1,1 миллиард теңгені жымқырды деген айып таққан болатын. Банкир тергеу изоляторында 9 ай тұтқында отырды. Кейін оны босатып, тағылған айып «бухгалтерлік және қаржылық есептерде заңдылықтар бұзылған» және «банктің қаржысын заңсыз пайдаланған» деп өзгертіліп, 250 АЕК (378 мың теңге – 2,6мың доллар сол кездегі курспен) мөлшерінде айыппұл төлеп бостандыққа шыққан болатын.

Қазір Жомартқа қарсы тағы бір қылмысты іс қозғалып жатыр. Бұл жолы онымен бірге 5 адам айыпқа тартылуда. Экс банкирге бұл жолы тағылған айып - «аса ірі көлемде біреудің  мүлкін алдап, сеніміне кіру арқылы ұрлықты ұйымдастырушы» деген айып. 188,6 млрд теңгеден айырылып зардап шегушілер қатарында Bank RBK, «DSFK (ДСФК) Арнаулы қаржылық компаниясы» ЖШС-і, Евразиялық банк пен таратылып жабылған Qazaq Banki бар.

Аударған Баян Танатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар