Балықшылардың қайығы суға батып, 12 адам жоғалып кетті

cover Фото: freepik.com

Оңтүстік Корея жағалауында балықшылар қайығы суға батып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Өртпен күрес және қауіпсіздік департаментінің дерегінше, оқиға Чеджудо аралының маңында болған.

Қайғылы оқиға салдарынан 2 адам көз жұмды. Ал 12 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Қалған 13 адам аман-есен үйіне қайтарылды. Олардың кейбірі — шетелдіктер.

Оңтүстік Корея президентінің кеңсесі мәлімдегендей, жоғалып кеткендерді іздеу операцияларына бар күш жұмылдырылып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар