Балқаш көлінде су деңгейі артып келеді
Фото: freepik.com
Жыл басынан бері Қапшағай су қоймасынан Іле өзені арқылы Балқаш көліне 13,5 миллиард текше метр су жіберілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.
Жіберілген су нәтижесінде көлдегі судың орташа деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,60 метрге жеткен. Балқаштағы судың 70 пайызға жуығы трансшекаралық Іле өзені есебінен екені атап өтілді. Биыл Қытаймен шекарадағы «Добын» өлшеу станциясында орташа су шығыны секундына 384 текше метр болып, былтырғымен салыстырғанда 17 пайызға артқан.
Министрлік Қазақстан мен Қытай арасындағы Трансшекаралық өзендерді бөлу жөніндегі үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр. Құжаттың негізгі мақсаты - Балқаш көлін оңтайлы деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін су көлемінің толуын қамтамасыз ету. Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28 кездесу өткізілген.
«Биылғы келіссөздер нәтижесінде соңғы 10 жылда алғаш рет Қапшағай су қоймасына 18 миллиард текше метрден аса су жиналып, 100 пайызға толды», - деді Нұржан Нұржігітов.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды