Балауса Мұздыман бокстан әлем чемпионы атанды

cover Фото: instagram.com/muzdi_

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман (8-0, 6 КО) Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетті. Ол Үндістан өкілі Мамта Сингхпен (7-2-1, 4 КО) рингке шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтті және екі минуттан 10 раундқа есептелді. Сондай-ақ, жекпе-жек титулдық сипатта болды: UBO нұсқасы бойынша оған бос тұрған әлем чемпионы атағы бұйырды. Жекпе-жекте Балауса Мұздыман төртінші раундта техникалық нокаут беріп, ойынды жеңіспен аяқтады. 

Нәтижесінде қазақстандық спортшы кәсіби мансабында тоғызыншы жеңіске жетіп, UBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы атанды, ал Мамта Сингх кәсіби рингте үшінші жеңіліске ұшырады.  

Былтыр Балауса Муздыман үндістандық Моника Сингхке қарсы ойнады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен, алғашқы 3 минутта аяқталды. Жекпе-жек бастала салысымен 43 секундтан соң Мұздыман қарсыласының бауырына сәтті соққы беріп, нәтижесінде Сингх жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар