Бағдат базарында егіз жігіттер өздерін жарып жіберді

cover

Кеше Бағдат орталығындағы базарда егіз жігіт өздерін жарып жіберіп, салдарынан  28 адам қайтыс  болды. Болған осы оқиғадан кемінде 73 адам жараланған. Жарылыстан зардап шеккендерге көмектесу үшін  жан-жақтан дәрігерлер тартылған.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, оқиға Бағдат орталығындағы киім-кешек сататын базарда болған. Базар  коронавирусқа байланысты жабылып, соңғы күндері ашылған.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, базарға кірген шабуылдаушы  өзін нашар сезініп тұрғандай кейіп танытып, жан-жағына  адамдар жиналған кезде жарылғышты іске қосқан.

Жарылыстан зардап шеккендерге көмектесуге адамдар топталған  кезде екінші бомба жарылған.

Дәрігерлер қаза болғандар саны артуы мүмкін дейді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауыгша,  зардап шеккендерге көмектесу үшін басқа аймақтан дәрігерлер жеткізілген.

2003 жылы АҚШ Иракқа басып кіргеннен кейін Бағдат қаласында діни топтар арасында қақтығыс күшейіп, осылай өзін жаратындар көбейген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар