Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

cover

«Қазгидромет» РМК сайтында жексенбі, 28 қарашаға Қазақстан бойынша ауа райы болжамы ұсынылды.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 11-13 аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 2 градусқа дейін жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 8-10 градус жылы.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 3-5 градус аяз.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 6-8 аяз.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12, екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 5-7 аяз.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14 градус аяз, күндіз 6-8 градус аяз.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз. Аймақта бұрқасын күтіледі.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 6-8 градус аяз. Аймақта тұман күтіледі.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 2-4 градус жылы.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы. Таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман күтіледі.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы. Таулы, тау бөктеріндегі аймақтарда тұман сақталады.

Оралда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 2 градусқа дейін жылы. Өңірде көктайғақ, тұман күтіледі.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар