Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

cover

ҚР Энергетика министрі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Қаржы министрі және ҚР Ішкі істер министрі бензинді және дизельдік отынды экспорттау туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.

«Жағармайларды және өндіруші ұсынған газ цистерналарында әкетуді қоспағанда, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын бөлек контейнерлерде әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады» делінген құжатта.

Жақын арада ҚР Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияны экспортқа тыйым туралы хабардар етеді.

Құжат 21 қарашадан бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, бұған дейін бірнеше аймақта жанар-жағармай тапшылығы сезініп, оның бағасы күрт қымбаттаған. ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда дизель отынын тұтынудың нормадан тыс өсуі тіркелгені туралы айтқан.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі газ тапшылығының алдын кесу үшін оның экспортына тыйым салынуы мүмкін екені айтылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар