Қазақстанда қай жолдар ақылы болатыны белгілі болды

cover

«ҚазАвтоЖол» 2021 жылы қандай жолдар ақылы жолға айналатынын айтты. Ақы осы жолдарды күтіп ұстауға және қызмет көрсетуді жақсартуға жұмсалады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бірінші кезекте реконструкциядан өткен жолдар:

  • Батыс Еуропа - Батыс Қытай - Қайнар - Тараз;
  • Тараз - Шымкент;
  • Шымкент - Түркістан - Қызылорда;
  • Шымкент - Ташкент;
  • Қапшағай - Талдықорған;
  • Нұр-Сұлтан - Павлодар;
  • Ақтау - Жетібай - Жаңаөзен;
  • Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар қалаларының айналма жолдары.

Осы санаттағы тарифтер өзгеріссіз қалады - жүк тасымалдау қабілетіне байланысты жүк тасымалы үшін 1 шақырымға 5-тен 25 теңгеге дейін. Төлемдер кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Ресейдегідей Қазақстанда да алғашқы ақылы жол 2013 жылы пайда болды. Қазір жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы бөлім бар.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Берік Камалиев ақылы автомобиль жолдарымен жүру тарифтерінің бес есе өсуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Тарифтер 2013 жылдан бері өзгеріссіз қалды: жеңіл көлік үшін - 1 шқ үшін 1 теңге, жүк көліктері үшін жүк көтергіштігіне байланысты - 1 шқ үшін 5-тен 25 теңгеге дейін.

2021 жылдың 1 маусымына дейін ақылы автомобиль жолдарынан 2,3 млрд теңге жиналды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар