Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

cover

7-11 маусым аралығында Алматыда Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары Үкіметтік делегацияларының 84-отырысы өтті. 

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz.  хабарлады. 

Тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды, сонымен қатар екі ел  арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарттың жобасын талқылауды жалғастырды. 

Келесі отырыс Өзбекстан Республикасында жоспарланған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар