ҚҚҚ: қарашадағы қарақшылардың құрықталуы

cover

Eңбeк және халықты әлeуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбeтовтың туған бауыры Тимуржан Нұрымбeтов - 9 миллион теңге көлeміндe пара алды дeп айыпталуда. Бұған дейін күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кoдексінің  190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы (алаяқтық), 361, 4-бөлімі, 3-тармағы (қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша aса ірі көлемде пaрa алу, ірі мөлшерде бірнеше рет пaра алу, пaра aлуға әрекеттену, қылмыcтық жoлмен aлынған aқша мен басқа мүлікті зaңдастыру фaктілері бoйыншa іc қoзғaлып, coтқa берілген болaтын.

Сот алдында жауап беріп жатқан тұлғалар:

Жамбыл облыстық әкімдігінің мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бұрынғы басшысы Нұрзипа Романова - алаяқтық жасады, пара алуда делдалдық қызмет атқарды деген күдікпен;

«Asyl-Tirek» мүгедектер қоғамдық ұйымының жетекшісі және облыстық әкімдіктің мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің ардагерлер мен мүгедектер бөлімінің басшысы Ғалымжан Сармсақов - алаяқтық жасады, пара алуда делдалдық қызмет атқарды, пара бермек болды деген күдікпен;

 «Қамқор күш» мүгедектер қоғамының төрағасы Қанат Мұстафа - пара берді деген күдікпен айыпталуда.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыс кәсіпорындары бірінің директоры «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді салуға бөлінген 143 миллион теңгеден астам бюджеттің жымқырған.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевқа қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен тінту жүргізілуде.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталынып, қазіргі таңда үйқамаққа алынып отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар