Қарақалпақстан халқы наразылық шеруіне шықты

cover

Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс қаласында республикада жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды дұрыс түсіндірмеу салдарынан митинг өтті. Өзбекстан ІІМ қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, заңсыз демонстрациялар 1 шілдеде сағат 15.00-де басталған. Қарақалпақстан халқы қала бойынша шерулер ұйымдастырған, кейіннен ол заңсыз демонстрацияға ұласқан.

Қоғамдық тәртіпті бұзуға және азаматтардың түрлі құқық бұзушылықтарды жасауына жол бермеу мақсатында диқан базары аумағында құқық қорғау органдарының күштері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді, азаматтармен заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы, азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар