«Анамды боқтады»: Ақнәрдің екінші құрбысы Рана оқиға жайлы айтып берді

cover Фото: бейнеден кадр

Алматы қаласында жетінші қабаттан құлап, қайтыс болған Ақнәр Хамиттің оқиғасы қоғамды дүрліктіріп тастады. Оқиға орнында болған екінші құрбысы Рана сол түн туралы бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақнәр Хамиттің өліміне айыпталып жатқан екінші құрбысы Рана болған оқиға туралы өз нұсқасын айтып берді. Оның айтуынша Рана, Ақнәр және Дидар КИМЭП университетінде танысқан. 

Қыздар сол күні анасынан айырылған Ранаға көңіл айту үшін қытай мейрамханасына жиналған. Кафеден кейін олар ішімдік сатып алып, Дидардың пәтеріне барған.

«Сыра, шарап және корей сусынын алдық. Ақнәрдің өзі ішімдік сатып алуды ұсынды. Емделіп жүрген соң аз ғана шарап ішіп, сосын билеп, күлдік», – деді Рана.

Билеп жүрген кезде Ақнәр абайсызда теледидарды шағып алған. Содан көз жасына ерік берген. Құрбысының айтуынша, Ақнәр қаржы жағынан қиналып, күйзелісте жүрген. Оның айтуынша Ақнәр жігітіне өз атынан несие рәсімдеп берген.

«Бір кезде Ақнәр айқайлай бастады. Ол мені еденге құлатып, ұра бастады. Содан кейін ол қайтыс болған анамды, туыстарымды балағаттай бастады. Кейін құран сүрелерін оқи бастады. Оған не болғанын түсінбедік», – дейді Рана.

Осы сәтте Дидар марқұмның ағасына Ақнәр Рананы жығып, ұрып жатқаны туралы аудио хабарлама жіберген.

«Бір кезде ол маған тағы да шабуылдап, еденге құлатты. Шашымнан ұстап, басымды еденге ұрып, бетімді тістей бастады. Мен қатты айқайладым. Бір кезде ол мені жіберді, одан қашып, дәретханаға тығылдым», – дейді Рана.

Бірнеше минуттан кейін Дидар Рананы әжетханадан алып шыққан көрінеді.

«Біз Ақнәр тығылып қалды деп ойладық, іздей бастадық, алайда таппадық. Бір уақытта полиция келіп, біздің пәтерден бір қыз құлап кеткенін айтты. Мен жылай бастадым. Сосын олар бізді екі көлікке отырғызып, полиция бөлімшесіне апарып, жауап алды», – деді Рана.

Рананың айтуынша дәл сондай жағдай ақпан айында «Жастар» жатақханасында да болған. Ол күні де Ақнәр мас болып, оғаш қылықтар істеген. Осы жағдайдан кейін жатақхана директоры Ақнәрді жатақханадан көшіруге мәжбүр болыпты.

Сондай-ақ, Рананың сынған тырнақтары пәтерде емес, далада құлаған жерінде табылғанын айтты.

Еске сала кетейік, оқиғаға кінәлі деп танылған 2 құрбысының бірі Дидар Мұқият журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берген еді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар