Америкалық доллар құны қымбаттады: таңғы есепте 433 теңге болды

cover

Қазақстан KASE қор биржасының мәліметтеріне сәйкес доллар бағамы қымбаттады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Таңертеңгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа алынған бағамы 0,15 теңгеге жоғарылап, 433,32 теңге болды.

10-12 сәуірдегі доллардың ресми бағамы 433,15 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы 434,48 теңге, сатып алу - 432,92 теңге.

Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде американдық валюта орташа есеппен 434,19 сатылып, 433,08 теңгеден сатып алынуда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар