Алматыдағы митинг: полиция жарық-шу гранаталарын қолданды, әскер әкелінді

cover

Алматыда Достық даңғылы мен Сәтпаев көшесінің қиылысында жарылысқа ұқсас дыбыстар естілді.

Orda.kz журналисінің айтуынша, бұл қиылыстан түтін шықты. Кейбір деректер бойынша, полиция жарық-шу гранаталарын қолданды.

Сонымен қатар, жақын жерде орналасқан әкімдік ғимараты СОБР жауынгерлерімен қоршалған.

Алматыға әскер әкелінді. Әскерилер адамдарды таратуға тырысуда, бірақ наразылық білдірушілер әлі де алаңда.

Қалалық әкімдік ғимараты көптеген полиция қызметкерлерімен қоршалған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар