Алматы жабыла ма? Алматы әкімдігінің жауабы

cover eurasia.expert

Департамент карантиннің күшеюіне байланысты аймақтың жабылуы туралы пайда болған ақпаратқа түсініктеме берді.

Әкімдіктің хабарлауынша, соңғы күндері WhatsApp мессенджерінде карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты Алматы облысы толығымен жабылатындығы, көліктердің кіруі мен қозғалысы қатаң шектелетіндігі туралы аудио хабарлама таратылды.

«Бұл ақпарат Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері және сәйкесінше қалалар-аудандар қабылдаған қолданыстағы ережелердің талаптарына сәйкес келмейді», - деп хабарлады департамент.

Бұл ақпарат бірінші толқын кезінде қатаң шектеулер енгізілген 2020 жылдың наурыз-сәуір айларына қатысты.

Әкімдік жалған ақпарат таратпауға шақырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар